Монакода әлемдегі миллионерлердің ең үлкен концентрациясы байқалуда. Статистика бойынша, мұнда әрбір үшінші тұрғынның жағдайы айтарлықтай бақуатты, деп хабарлады ҚазАқпарат.
Монакодағы байлардың саны әрбір шаршы метрде тіпті ірі қаржылық астаналар Цюрих, Женева және Нью-Йорктегі ұқсас көрсеткіштен асады. Париж бұл рейтингте 20-орында. Сарапшылар ауқатты адамдардың мұндай концентрацияның бір жерде болуы кездейсоқтық емес екенін айтуда. Байлар өздері үшін ең тиімді қаржылық шарттары бар елді іздейді. Сондай-ақ , бұл елді таңдаудың басты себептері тиімді салық саясаты мен оның географиялық орны деп санайды сарапшылар.
Естеріңізге салсақ, Монако княздығы – Оңтүстік Еуропада, Жерорта теңізінің жағалауына орналасқан шағын мемлекет. Жер аумағы 1950 км2. Халқы 33 мың (2001). Этностық құрамының 47%-ын француздар, 16%-ын италиялықтар, 16%-ын монаколықтар (байырғы тұрғындары), т.б. құрайды. Монако 4 шағын қала-округтерден: Монако-Виль (астана), Ля Кондамин, Монте-Карло мен Фонтвелльден құралады. Ресми тілі – француз тілі. Халқының 96%-ы христиан-католиктер.Монако 1993 жылдан БҰҰ-ға мүше. Ақша бірлігі – еуро.
Қамшы-ақпарат